Ақпарат - №1 БАЛАЛАР САЗ МЕКТЕБІ http://1-sazshu.mektebi.kz/ ru Ақпарат - №1 БАЛАЛАР САЗ МЕКТЕБІ DataLife Engine Қош келдіңіздер! http://1-sazshu.mektebi.kz/main/5-osh-keldzder.html http://1-sazshu.mektebi.kz/main/5-osh-keldzder.html ]]> ]]> admin Wed, 07 Aug 2019 14:19:28 +0600 Ұлттық домбыра күні http://1-sazshu.mektebi.kz/main/4-ltty-dombyra-kn.html http://1-sazshu.mektebi.kz/main/4-ltty-dombyra-kn.html Жуырда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың №699 Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленген еді. Осыған, орай жексенбі күні Төле би ауылындағы орталық алаңда мерекелік шара өтті.
Екі шекті болса да мүмкіндігі кең, ұлттық домбыра- қазақ тарихындағы түрлі оқиғалар желісін қойнына сыйдырып, ғасырлардың сырын сақтап, бүгінгі күнге жеткізген құдіретті аспап. Тарихтан танымал Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығай, бүгінде сол белгілі тұлғалардың ізін басып келе жатқан, өз өңіріміздегі мақтан тұтар жерлесіміз – Ә.Желдібаев сынды тағы басқа көрнекті күйшілерімізді биікке алып шығып, есімдерін көпке танытып, олардың күйшілік өнерін дәріптеуге сеп болған дүниенің бірден бірі  де – осы  қасиетті қара домбыра болса керек. Сондықтан, ел Президенті де оны жоғары бағалап, өскелең ұрпақ алдындағы құндылығын  ескеруде. Әсіресе, бүгінгідей санамызды рухани жаңғырту қолға алынып жатқан тұста мұның рөлі ерекше деп білеміз.
Орталық алаңға тақырыпқа сай безендірілген сахна, көрермен қауымға арналған шатыр орнатылды. Мерекелік шараның жүргізушілері көпшілік алдында әуелі бұл күннің жоғарыда атап өткендей мәні мен маңызына тоқталды.
Салтанатты сәтте аудан әкімінің орынбасары Ә.Ә.Балқыбеков мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.
-Ұлттық домбыра күні рухани жаңғыру жолындағы ұлттық мерекелердің біріне жатады. Өнерімізді өрістетіп, ұлтымызды біріктіретін домбыра дегенде еліміздің белгілі күйші-композиторлары еріксіз ойға оралады. Бүгінде Астана қаласының төрінде Ә.Желдібаевтың бірнеше күйлері шырқалып, бойымызға мақтаныш сезім ұялатуда. Елдігімізді таныта отырып, күй, терме, ән өнерінің қалықтауында өзіндік рөлге ие болған домбыраның алар орны қашан да ерек. Алдағы уақытта да бабалардың мұрасы болған домбыра үні өшпесін. Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!-деді өз сөзінде Әлихан Әбіләшұлы.
Мұнан кейін көпшілік назарына мерекелік сазды бағдарлама ұсынылып, ол бір топ домбырашылар қауымы орындаған «Балбырауын», «Домбыра» күйлерімен бастау алды. Сондай-ақ, сахнада «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, «Ерке сылқым» бишілер тобы ән мен биден шашу шашты. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған сазды бағдарлама барысында қазақтың күйлері мен халық әндері көбірек орындалды.
Осылайша, елімізде тұңғыш рет аталып өткен Ұлттық домбыра күні біздің ауданымызда да өз деңгейінде өтті.
Динара Батырхаирова.
Суретте: мерекелік шара барысынан көрініс. 
Суретті түсірген Петр Норкин.

]]>
Жуырда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың №699 Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленген еді. Осыған, орай жексенбі күні Төле би ауылындағы орталық алаңда мерекелік шара өтті.

admin Fri, 05 Jul 2019 14:03:50 +0600